Қылмыс

Елордада жол апатынан кейін жаппай төбелес болып, екі жігіт пышақ жарақатын алды

  • Көрнекі фото. https://www.nur.kz/

    Көрнекі фото. https://www.nur.kz/

Полицияның 102 нөміріне сағат 05:52-де Кенесары-Сембинов көшелерінің қиылысында жас жігіттердің төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына полиция жасағы жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме

 

Жанжалдың жол апаты салдарынан болғаны анықталған. BMW көлігінің 28 жастағы жүргізушісі Сембинов көшесімен келе жатып, маневр жасағанда жол бойында тұраққа қойылған, 21 жастағы жігіт мінген «Toyota» көлігімен соқтығысты.

 

Жол-көлік апатының қатысушылары оқиға орнына достарын шақыра бастаған. Жиналғандар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласты.

 

Төбелес қатысушылары арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласты. Оның бірі екі жас жігітке пышақ салған.

 

Аталған фактімен қылмыстық іс қозғалды.

 

29 жастағы күдікті Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша изоляторына қамалды.

 

Көліктер коммуналдық автотұраққа қойылды.

 

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жүргізушілерді жол жүру ережелерін қатаң сақтау туралы ескертеді.

 

 

 




Көрілген: 235    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.09.2021, 12:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31