Қылмыс

Елордада күйеуі өртеп жіберген әйелдің енесі оқиғағаның себебін айтты

  • © CC0 / pixabay.com

    © CC0 / pixabay.com

Елордада күйеуі бензин құйып өртеп жіберген әйел бала-шағасынан бас тартқан. Бұл туралы сотталушының анасы айтты. Оның сөзіне қарағанда, баласының қатігез әрекетке баруына осы жайт себеп болған.

 

"Мен баладан да, күйеуімнен де бас тартамын, бармаймын" деді. Соңы осылай болды. Ауылдың бәрі біледі. Мен алты баланы бағып отырдым. Келін балалардан тоғыз ай бойы бір хабар алмады", - деді сотталушы Сапарбек Өмірбековтің анасы Жадыра Төлемісова.

 

Оның айтуынша, баласы үйге алып келейін деп келіннің артынан барса, не өзі қайтпай, әке-шешесі де жібермей қойыпты. Содан қатты күйзелген көрінеді. Ал марқұм әйелдің шешесі қызы тұрмысқа шыққаннан бері таяқтан көз ашпағанын айтады. Тіпті бір рет қылқындырып өлтірмекші болған, деп хабарлады КТК.

 

Еске сала кетейік, оқиға былтыр 6 қазанда болған. Денесін күйік шалып, ауыр хәлде жол бойында жатқан әйелді сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар байқап қалған. Бірақ сол күйіктен ақыры жан тапсырды. Ал 43 жастағы күйеуі енді 15 жыл арқалауы мүмкін.

 

Түркістан облысы Мақталы ауылының тұрғындары елордаға былтыр ғана келіп, нәпақасын таба бастаған беті екен.

 

"Бұндай жанжал көп болып тұрды. Ол көп таяқ жеп, үйге барды. Бірақ бала туған сайын отбасы болып кет, балаларың жетім болмасын деп әкесі қайтарып отырды. Тойда отырған жерімде үлкен балам келді де: Апа, астанадан қоңырау соғып жатыр, Салтанатты жағып жіберіпті деді", - дейді марқұм Қ. Урзабекованың анасы Дәмегүл Качеганова.

 

 

sputnik




Көрілген: 492    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.03.2020, 09:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30