Қылмыс

Елордалық азамат Семей тұрғынына бөтеннің көлігін 4 млн теңгеге сатып жіберген

  • Көрнекі фото: review-salon.ru

    Көрнекі фото: review-salon.ru

Семей қаласының тұрғынына бөтеннің көлігін 3 900 000 теңгеге сатып жіберген елордалық ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға хабарласқан ер адам алаяқтың арбауына іліккенін жеткізді.

 

«Анықталғандай, жәбірленуші бейтаныс біреуден 3 900 000 теңгеге Toyota маркалы автокөлікті сатып алған. Алайда көлік мүлде басқа адамның атында болып шықты. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Нұр-Сұлтан қаласының 29 жастағы тұрғынын ұстады», - делінген ақпаратта.

 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 




Көрілген: 351    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.08.2021, 23:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31