Қылмыс

Ерлі-зайыпты педофильдер кішкентай қызды зорлады

  • Ерлі-зайыпты педофильдер кішкентай қызды зорлады

    Ерлі-зайыпты педофильдер кішкентай қызды зорлады

 Қарағанды қаласының тұрғыны азаматтық некедегі күйеуіне 13 жастағы қызын зорлауға мүмкіндік берген және өзі де қылмысқа қатысқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға туралы қыздың өзі таныстарына айтқанға дейін ешкім білмеген. Осыдан кейін, ақпарат бірден құқық қорғау органдарына хабарланған.

Ерлі-зайыптылар тұтқындалды. Тергеу кезінде 2006 жылы дүниеге келген қызға зорлық пен тұрмыстық әлімжеттікке жасағаны белгілі болды.

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, зорлық-зомбылық 2019 жылы болған. Арнайы соттың судьясы жәбірленушіні шақырып, сот залында тағы да жауап алуды жөн көрмеген.

Сот шешімі бойынша, қыздың анасы 16 жыл, ал азаматтық жары 21 жылға бас бостандығынан айрылды.

Сондай-ақ, ерлі-зайыптыларға қатысты Қылмыстық кодекстің "кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды дайындау не порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту" тармағы бойынша да айып тағылды.

Сотталғандарға қосымша жаза ретінде өмір бойы педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырды.

 




Көрілген: 139    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.02.2020, 08:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31