Қылмыс

"Иегова куәгері" жасөспірімдермен жыныстық қатынасқа түсті деп күдіктелуде

  • "Иегова куәгері" жасөспірімдермен жыныстық қатынасқа түсті деп күдіктелуде

"Иегова куәгерлері" діни ұйымының мүшесіне қатысты іс қозғалды. Ер адам ірі кәсіпкер болып шыққан. Ол кәмелет жасқа толмаған ұлдармен жыныстық қатынасқа түсті деп күдіктелуде деп жазады  "Время"-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


"Куәгердің" жасөспірімдермен жыныстық қатынасқа түсетінін ұйымның екінші мүшесі жеткізген. Ол басылымға материал жолдап, онда "Иегова куәгерлері" басшылығының 15-20 жиналыс бойы куратордың іс-әрекеттері жалы біліп келгенін жазды. Мұндай жиналыстың әрқайсысы 50-100 адамды құраған.


Сонымен қатар, бұл туралы ұйымның кем дегенде сегіз адамы білген. Дегенмен олар оны ұйымнан шектемей, полицияға арызданбапты.


Енді, олар куәгер ретінде жауап беретін болады.


Материалдың авторы кәсіпкердің ұйымға қаржылық көмек көрсетуі мүмкін екенін атап өтті. Сол себепті олар ер адамның ісіне көз жұмған деген ойда.


Сондай-ақ, басылым оқиғаға қатысты "Иегова куәгерлерінен" түсініктеме алды.


Олар өз кезегінде үлкендердің біреудің атына айып тағылғаны туралы белгілі болса, билікті ақпараттандыру туралы заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында "Иегова куәгерлері" филиалымен байланысатынын айтты.


Егер заң ақсақалдарды осындай айыптаулар туралы билікке хабарлауды міндеттемесе де, "Иегова куәгерлері" филиалы ақсақалдарға, кәмелетке толмаған адамға әлі де қатыгездік жасау қаупі төнсе немесе осыған басқа да маңызды себептер болса, мұны жасауға нұсқау береді", - деп басылым ұйымның сөзін келтіреді.

Материал авторы атап өткендей, ұйымның жауабында ақсақалдардың мұндай істерді жойып не полицияға шағымданатыны туралы ештеғе айтылмаған.


Күдіктіге қатысты қандай жаза қолданылатыны да айтылған жоқ.


Басылым бірқатар мемлекеттерде, сондай-ақ Ресей мен Өзбекстанда аталған ұйымға тыйым салынды. Ал Қазақстанда рұқсат етілген.


Қазіргі уақытта күдікті ТИЗО-да емес, уақытша ұстау итзоляторында екені айтылды.


Айта кетейік, 9 қазанда полицейлер діни бірлестіктің үй-жайларында және оның кейбір қатысушыларының үйлерінде тінту жүргізгені туралы ақпарат пайда болды.


Кейін болған оқиғаның мән-жайы белгілі болды.


Анықталғандай, ұйымның 47 жастағы мүшесі әрі Алматыдағы ірі кәсіпкер педофилияға күдікті деп танылып отыр.


Алдын ала мәліметтер бойынша, ол ұйымның басқа мүшесінің 15 жастағы баласымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскен. Содан кейін ер адам өзінің жас "сүйіктісіне" саунаға өзімен жасты досын әкелуін талап етіп, онымен де төсек қатынасына түсті.




Көрілген: 539    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.10.2019, 12:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30