Қылмыс

Жамбыл облысында 21 жыл бұрын адам өлтірген азамат қылмыстық жазадан құтылды

  • https://otyrar.kz/

    https://otyrar.kz/

Жамбыл облысында "Адам өлтірді" деген күдікті, жазадан құтылып кетті. Көршісін атып, мәйітін үйінің ауласына көміп тастаған қаскөй сот залынан босатылды. Судья, мұны - қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімі өтіп кеткенімен түсіндірді.

 

Ал, марқұмның туғандары үкіммен үзілді-кесілді келіспейді.

 

Облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот, осыдан 21 жыл бұрын жасалған іске нүкте қойды. "Адам өлтірді" деген күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту мерзімнің ескіруіне байланысты босатқан. Айыпталушы да осы мүмкіндікті пайдаланған сияқты. Ол өз кінәсін тек жартылай мойындаған.

Енді ол марқұмның туыстарына моральдық және материалдық шығын есебінде бір айдың ішінде 5 жарым миллион теңге беруге міндеттелді.

 

Кенжеғали КЕНЖЕБЕКОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ҚАЛМЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

 

- 1997 жылғы редакциядағы Қылмыстық Кодекстің 69 бабының 1 бөлігіне сәйкес, егер аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін 15 жыл өтсе адам қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жатады. Осы баптың екінші бөлігіне сәйкес ескеру мерзімі қылмыстық қылмыс жасаған күнен бастап, үкім заңды күшіне енгенге дейін есептеледі. Мерзімі өтуіне байланысты қалмыстық жауапкершіліктен босату үшін жәбірленушінің және жәбірленуші өкілдерінің келісімдері қажеті жоқ.

 

Мұндай үкім сотқа келгендер үшін күтпеген жағдай болды. Жәбірленуші тарап болса, соттың шешімімен келіспейді. Олар "қасақана өлтіріп, жылдар бойы мәйітін таптаған адам" неше жыл өтсе де лайықты жазасын алуы тиіс,- дейді. Енді Жоғары сотқа арызданбақшы.

 

Қасымхан ШҮҢІРЕКОВ, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

 

- Қасақана ағамызды атқан адамды бүгін сот залынан босатып отыр. Бұл шешіммен келіспейміз. Заливка құйып бетондап тастаған, оның үстінде шай ішті, арақ ішті, таптап басып жүргені аздай, енді біздің арымызды таптатып отыр ғой мына сот.

 

Тергеу деректеріне сүйенсек, бұл қанды қылмыс 1998 болған. Төрт көрші өзара бас қосу кезінде сөзге келіспей, бірі екеншісін атқан. Қылмысын жасыру үшін ауласына көміп, кейін сол жерден шағын жаздық нысан тұрғызып алыпты.

 

Уақыт өте келе сыбайластырының бірі әйеліне болған жайтты жайып салған. Әйелі бұл қылмысты ажырасып жатқанда жария еткен.

 

Мұнан соң жоғалды деп іздеу жариялаған жәбірленуші тарап сотқа арызданды.

 

astanatv.kz

 




Көрілген: 306    Пікірлер: 0

сенбі, 22.02.2020, 10:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31