Қылмыс

Жамбыл облысында 22 жастағы жігіт бес адамды атып тастады

  • https://www.meme-arsenal.com/

    https://www.meme-arsenal.com/

Жамбыл облысы Саудакент ауылында 22 жастағы жігіт 5 адамды атып тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Оқ тиген 20 мен 24 жас аралығындағы жігіттер Сарысу аудандық ауруханасына жеткізілді.

 

Полицияның мәліметінше, ауыл жастарының арасында тектірес болған. Кикілжіңнен кейін  күдікті бір топ жігітті 16-шы калибрлі қарумен жайратып салған.

 

Шамамен 30 метр жерден атылған бытыра 5 жігітке тиген. Оқ екеуінің аяғын, біреуінің ішін жаралаған.

 

Үшеуі қазір аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр.

 

Ал қалған екеуі Тараз қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілген. Оқ екеуінің де басына тиіп, біреуінің миына қан құйылған. Қазір олар жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.

 

Гамзад Мұсаев, қалалық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі:

 

- Түскен кездегі жағдайы бір науқастың ауыр болған. Операцияға алынып,  миына операция жасалынып, миындағы ұйыған қан алынып, бүгінгі жағдайы жасалған операцияға сай. Есінде. Жағдайы ауыр. Бірақ тұрақты. Екінші науқас операциясыз емделіп жатыр. Қазіргі таңда ем қабылдап жатыр

 

Ардақ Мәдімаров, облыстық ПД криминалдық полиция бастығы:

 

- Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұзақылық ниетпен «Бірнеше адамды өлтіруге оқталу» бабымен іс қозғалды. Бұл азаматтардың арасында жанжал болғандығы анықталды. Содан кейін күдікті оларға қарай оқ атқан. Ол жедел іздестіріліп ұсталды. Қылмысын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 




Көрілген: 523    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.06.2021, 14:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31