Қылмыс

Жамбыл облысында 8 жасар қызды өлтірген адам ұсталды. Күдікті әке жағынан таныс болып шықты

  • Жамбыл облысында 8 жасар қызды өлтірген адам ұсталды. Күдікті әке жағынан таныс болып шықты

    Жамбыл облысында 8 жасар қызды өлтірген адам ұсталды. Күдікті әке жағынан таныс болып шықты

Жамбылдық полицейлер жас баланың өліміне қатысты күдіктіні қолға түсірді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп.


2019 жылдың 24 сәуірінде Талас ауданы Қаратау қаласында 2010 жылы туған оқушы жоғалып кеткен еді. Өкінішке орай, жоғалған қыздың мәйіті келесі күні, 25 сәуірде, қала сыртынан табылды.


Осы факті бойынша "кәмелетке толмағанды өлтіру" бабына бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Аса ауыр қылмысты ашуға Ішкі істер министрлігінің, Жамбыл облысы Полиция департаментінің, прокуратура және тағы басқа күш құрылымдарының тәжірибелі қызметкерлері жұмылдырылды.


Полиция қызметкерлерінің кәсіби іс-шараларының нәтижесінде оқушыны өлтірген күдікті ұсталды. Сондай-ақ, осы іс бойынша айғақтық заттар алынды. Қамауға алынған күдікті - 37 жастағы Қаратау қаласының тұрғыны болып шықты. Отбасын құрмаған азамат бұрын ұрлық жасап сотты болған екен. Ақпаратқа сүйенсек, күдікті әке жағынан таныс. Ол оқушының үйіне барып, әкесіне шаш алғызып тұрған.


Айта кетсек, 24 сәуірде Қаратау қаласының тұрғыны 2010 жылы туған қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Бала мектептен кейін үйіне қайтып келмегендіктен, оқушыға іздеу жарияланды. Алайда, қаланың шеткі аудандарын іздестіру барысында өртенген дене табылды. Қалған киім бөліктерінен анасы жоғалған қызының мәйітін таныды. Жұма күні сараптама жүргізілгеннен кейін оқушының денесі жерлеу үшін ата-анасына берілді.




Көрілген: 1058    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.04.2019, 19:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31