Қылмыс

Жамбыл облысында «жалған қалыңдық» елді зар илетіп жүр

  • https://kherson.net.ua

    https://kherson.net.ua

Жамбыл облысының полиция департаменті бірнеше рет сотты болған Ниязова Айгүл Молдазқызына іздеу жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат Жамбыл облыстық полиция департаментінің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


«Әйел егде жастағы жалғыз басты ер адамдардың сеніміне кіріп, жалған неке қиып отырған. Кейін туысын жұмысқа орналастырамын деген сылтаумен немесе мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй аламыз деген желеумен ақша сұрап алатын болған», - делінген департаменттің ақпаратында.


Полиция өкілдері аталмыш әйелдің өзге де осындай алаяқтықтарға қатысы болуы мүмкін екенін айтады.


«Іздеу жарияланған әйелдің орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратты білетіндер болса, немесе оның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендер болса, Жамбыл облысының полиция департаментіне 8(7262) 43-05-22, 43-06-78, 997121 нөмірлері бойынша телефон арқылы немесе «102» пультіне хабарлауды сұраймыз», - делінген ресми мәліметте.


 




Көрілген: 1329    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.08.2019, 10:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31