Қылмыс

Жамбылдағы қанды оқиға

  • Фото: © depositphotos

    Фото: © depositphotos

Жамбыл облысындағы ер адамдардың жанжалы өліммен аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов 2021 жылғы 9 маусымда сағат 21:20-да Меркі аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын xабарласып, белгісіз адамдар олардың фазендаларына келіп, біреуі ағасына оқ атқаны туралы айтты.

 

Полицейлер оқиға орнына келген соң шаруа қожалығының иесі мен жергілікті үш тұрғынның арасында жанжал туындағаны, оның барысында ер адамдардың бірі фазенда иесіне тіркелген тегіс ұңғылы мылтықтан оқ атып кеткені анықталды.

 

Алайда жарақат алған ер адам оларды өз көлігімен қуған, соқтығысу барысында екінші көліктің жүргізушісі жол-көлік оқиғасы орнында көз жұмып, жолаушысы жарақаттанған.

 

Аяғы мен қолынан бытыра оғынан жарақат алған ер адам Меркі ауылындағы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.

 

 

 

 




Көрілген: 532    Пікірлер: 0

жұма, 11.06.2021, 17:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31