Қылмыс

Жасөспірімдерді суицидке итермелейтін топтың «кураторы» Түркістан облысында ұсталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Түркістан облысында жасөспірімдерді суицидке итермелейтін топтың «кураторы» ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

 

ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, топ жетекшісінің тұлғасын анықтау интернет желісіне мониторинг жүргізу кезінде мүмкін болған.

 

ІІМ Криминалдық полиция және тергеу қызметкерлері кәмелетке толмаған қазақстандықтардың қатысуымен өз-өзіне қол жұмсау сипатындағы топ туралы ақпарат тапқан. Бұл топтың мүшелерін анықтау және ұстау үшін ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл орталығының және Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылған.

 

Одан арғы жұмыс барысында полицейлер интернетте ұйымдастырушының ның жеке-бас деректері мен мекенжайын анықтап, қолға түсірген. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты.

 

«Оның үйін тінту кезінде ноутбук, ұялы телефон, сим-карта салынған 3 қорап және басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Телефонынан Telegram-да ашылған суицидтік бағыттағы каналдар болды. Қазіргі уақытта аталған жайт адам өлтіруге оқталу бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын тексеруде. Сондай-ақ жасөспірімдерді осындай өлімге әкелетін ойындарға қатыстыруы мүмкін адамдарды және арна қатысушыларының өздерін де анықтау үстінде», - деп атап өтті ІІМ-нен.

 

 

Министрлік ата-аналарды балалардың виртуалды өміріне бақылауды күшейтуге шақырады. Және шұғыл қажетті шаралар қабылданатын осыған ұқсас жайттар орын алса, тез арада полицияға хабарлауды сұрайды.

 




Көрілген: 316    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.06.2020, 12:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31