Қылмыс

Жетісайлық әйел өгей қыздарын ине тығып қорлаған

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Түркістан облысы, Жетісай ауданында өгей шеше қыздарына қорлық көрсеткен бейнежазба тарады. Бұл туралы әлеуметтік желі белсендісі Әсет Әссанди өзінің Фейсбуктегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Әсет Әссанди өзінің парақшасында бірнеше пост жариялап, жантүршігерлік суреттер салған. Айтуынша, бір үйдің үш қызына өгей шешелері ине тығып, тоңазытқышқа отырғызып қойған.


«Апалы-сіңлілі - 2003 жылғы Салима, 2005 жылғы Мәншүк, 2007 жылғы Милана. Бұл қаракөздеріміздің көрмеген қорлығы қалмапты. Өгей анасы, 1991 жылғы Көбеева Жұлдыз фашистерден де асып түскен сияқты. Кәмелет жасына толмаған қыздардың тырнақтарының астына қайта-қайта ине тығып, жылайын десе, ұрып-соғып «күліп тұр» деп, жандарына батып тұрса да, езулерін тартқызып, тоңазытқышқа бірталай уақыт отырғызып қинап, қайшымен денелеріне жарақат салып, шайларына гель қосып беріп ішкізіп, тіпті жыныстық мүшелерін кемпірауызбен қысып, жарақат салып жүрген екен. Бұл қыздардың көрген азаптары адам айтқысыз. Жетісайдан табылмаған арашаны Түркістан облысының басшылары, заң орындарынан, денсаулық сақтау басқармасынан сұраймыз! Қаракөздерімізді жылатуға жол бермейік! Және әлгі өгей шешелерін қатаң жазаға тартайық»- деп жазады Әсет Әссанди.


Айта кетейік, аталмыш оқиғаға қатысты Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз пікір білдірді. Оның айтуынша, мәселені Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өз бақылауына алған.


«Әлеуметтік желі арқылы кеңінен таралып, Жетісай ауданындағы бір отбасында орын алған өгей анасының қатыгездікпен балаларын ұрып-соғып, дене жарақатын салу арқылы зорлық көрсеткен жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссия шешімімен балалар әжесіне тапсырылған», - деп жазады Нұрділдә Ораз.




 




Көрілген: 1216    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.04.2019, 12:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31