Қылмыс

Қарағанды жолында болған сұмдықтың мән-жайы анықталды

  • © Sputnik / Абзал Калиев.

    © Sputnik / Абзал Калиев.

Астана тұрғыны бұрынғы жұбайына шабуыл жасап, сегіз рет пышақтаған. Әйел аман қалып, қазір ауруханада жатыр. Бұл жайында "НеМолчиKZ" зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету қорының жетекшісі Дина Смайылова (Таңсәрі) хабарлады.

 

Оның айтуынша, зардап шегуші ер адамның алдымен оны алыс жерге апарып, көлік ішіне қамап, соққы жасай бастағанын айтқан. Содан кейін оны жол бойына тастап кеткен.

 

"Ол бұрынғы әйелінің жұмысына барып, сыртқа шығуын бірнеше рет талап еткен. Ал әйел әріптестерінің алдында өзін ыңғайсыз сезініп, көшеге шыққан. Оны көлікке күштеп отырғызып, алып кеткен. Қарағанды тас жолында ол әйелді ұра бастайды, әйел қарсылық көрсетіп, көліктің терезесін сындыруға тырысады. Содан ер адам әйелге пышақ сұға бастайды, көлікті тоқтатып, сегіз рет пышақ жарақатын салған. Жарақат салғаннан кейін басқа көліктердің тоқтап жатқанын көріп, әйелді жолда тастап кетіп, жасырынып қалған", – деп жазды Смайылова Facebook парақшасында зардап шеккен әйелдің сөзіне сілтеме жасап.

 

Оқиға орнынан өтіп бара жатқан жүргізушілер полиция мен жедел жәрдем шақырған. Әйел ауруханаға жеткізілді.

 

Смайылованың айтуынша, тергеушілер әйелге қысым көрсетіп, жарақатының қорқынышты емес екенін айтқан. "НеМолчиKZ" басшысының айтуынша, оны ауруханадан тікелей жауап алуға алып кеткен.

 

Сонымен қатар ол полиция департаментінің басшысына болған оқиғаны анықтауды сұрап, істі қайта саралауды және тергеушіге қатысты шара қолдануды талап етті.

 

Кейін Смайылова полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденовтің жауабын жариялады. Ол істі жеке бақылауына алғанын мәлімдеді.

 

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлімі ("қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") , 99-бабы 1-бөлімі ("адам өлтіруге оқталу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жәбірленушінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша ұсталды", – деп атап өтті Сәденов.

 

Сондай-ақ, қызметкерлердің кәсібилікке жат әрекеттері тексеріледі.

 

sputniknews.kz

 

 




Көрілген: 289    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.07.2020, 15:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30