Қылмыс

Қарағанды сотында үш жасар баланы өлтірген күдікті өз мойнын кесіп тастады

  • Қарағанды сотында үш жасар баланы өлтірген күдікті өз мойнын кесіп тастады

    Қарағанды сотында үш жасар баланы өлтірген күдікті өз мойнын кесіп тастады

Бүгін Қарағандыдағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотында үш жасар баланы ұрлап, өлтірген Игентай Сопыжановқа қатысты сот отырысы кезінде айыпталушы өз-өзіне ұстараның жүзімен жарақат салған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін сотта Сопыжанов судьядан журналистермен сөйлесуге мүмкіндік беруін сұрады. Алайда судья Исламхан Есенбаев процесті жүргізу тәртібін бұзатындықтан, залда біреумен сөйлесуге тыйым салған.

Алайда Сопыжанов тыйымға қарамастан:

"Егер маған бірдеңе болса, онда бұған тергеуші Сейдалинді кінәлауларыңызды сұраймын. Менің өліміме дәл соны кінәлауды сұраймын", -деп Сопыжанов өз мойнын ұстараның жүзімен кесіп жіберген.

Оның жанында тұрған қарауыл бірден қолынан ұстап, өзін әрі қарай жаралауға мүмкіндік бермеген. Оны сот залынан алып кеткен.

Сот залына медицина мамандары да келген. Алайда жарақат аса ауыр болмағандықтан, оны қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамаған.

"Бұл оның осында ұйымдастырып отырған бірінші шоуы емес. Бірнеше күн бұрын ол дәл осылай жасады. Бәрінің көзінше өткір затты алып, өзін жаралады. Қарауылдар оны жедел қоршап алды. Қазір ол осы спектакльін қайтадан қайталап отыр. Бұл ауру адам. Ол өзі туралы барлық БАҚ жазып, өзін бәрі есінде сақтағанды қалайды", - деді айыпталушының қолынан қаза болған Максим Гарифуллиннің туысы.
Еске сала кетейік, 5 қыркүйек күні ұрланған сәбидің денесі 8 қыркүйекте табылды. Артынша нақты өлген күнін анықтау үшін мәйітке сараптама тағайындалды.

Дүкен маңында таныс келіншекке жүгіріп келіп, оның қолынан бүлдіршінді ұрлап кеткен азаматқа республикалық іздеу жарияланған.

Биыл күдікті түрмеден уақытынан бұрын босап шыққаны белгілі болды..

Жуырда баланың анасы мен күдіктінің кездескені, сондай-ақ, Игентай Сопыжанов осыдан төрт жыл бұрын сүйіктісінің туған әпкесін өлтіргені анықталды. Күдікті Қарағандыда қолға түсті.

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 956    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.01.2020, 23:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31