Қылмыс

Қарағандыда кафелердің бірінде жаппай төбелес болды: Екі адам зардап шекті

  • Қарағандыда кафелердің бірінде жаппай төбелес болды: Екі адам зардап шекті

    Қарағандыда кафелердің бірінде жаппай төбелес болды: Екі адам зардап шекті

Қарағандыда жергілікті кафелердің бірінде жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан ер адам мен қыз бала зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Әлеуметтік желіде Қарағандыдағы Кривогуз көшесінде орналасқан кафеде жаппай төбелес болғаны туралы ақпарат таралып жатыр. Куәгерлердің мәліметінше, сәуірдің 12-нен 13-іне қараған түні жаппай төбелес болған. Бір топ ер адам қыз баланы соққыға жыққан. Сонымен қатар, осы оқиға орнына полицейлердің келген сәті түсірілген видео жарияланды. Видеоның сипаттамасында қыз бала жарақат салдарынан қайтыс болғаны айтылады.


Қарағанды облыстық полиция департаменті жаппай төбелес туралы деректі растады. Алайда, ведомство мәліметінше, ешкім де айтарлықтай ауыр жарақат алмаған және қайтыс болмаған.


"Кафе келушілері арасында төрт ер адам төбелескен. 1992 жылғы қыз бала төбелескен бір жігітпен келген. Төбелес болған уақытта ол жақын тұрған және біреудің шынтағы тиіп кеткен. Қыз бала әлеуметтік желіде жазып жатқандай, айтарлықтай ауыр жарақат алған жоқ. Қазіргі уақытта төбелескендердің барлығы анықталды. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды", - деді ПД баспасөз қызметінің өкілдері.


Полиция қызметкерлеріжанжалдың неден шыққанын анықтап жатыр. Қыз баладан бөлек тағы бір жігіт зардап шеккені белгілі, ол өздігінен ауруханаға қаралған. 




Көрілген: 388    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.04.2019, 14:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Наурыз, 20:38
    Алматыда атыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30