Қылмыс

Қарағандылық мұғалім 11 жылға сотталды

  • © CC0 / Alexas_Fotos

    © CC0 / Alexas_Fotos

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мұғалімді есірткі сатқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды nv.kz порталы.

Полиция тергеу барысында мұғалімнің 2018 жылдан бері тыйым салынған заттарды сатқанын анықтаған. Ол тәртіп сақшыларына ұсталып қалмау үшін есірткіні Telegram мессенджері арқылы сатқан.

"Күдікті пайданы көздеп, тыйым салынған синтетикалық есірткі сатқан. Жеткізушіні Telegram-ның көмегімен тапқан. Тауарды пошта арқылы салып жіберіп отырған", - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сотталушының есірткі сату әдісі полицейлерге жақсы таныс. Telegram желісінде тыйым салынған препараттардың сатылатыны туралы хабарландыру берілген. Сатып алушы QIWI-әмиян арқылы талап етілген соманы күдіктіге жіберген кезде, ол оған тауардың қайда сақталғаны жөнінде мәлімет жіберіп отырған.

Тағы оқыңыз: Ақтауда ата-ана қызының өліміне мектеп мұғалімін кінәлап отыр

"Сарапшылардың және куәгерлердің көмегімен күдіктінің кінәсі толығымен дәлелденді. Алайда оның заңсыз жолмен тапқан табысы оның жұмысына қатысы болмаған. Ол есірткіні мектептен тыс жерде сатқан", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ сот үкімі шығардан алдын мұғалімге берілген оң мінездеме ескерілген. Әріптестері оның жақсы адам болғанын, мықты маман екенін айтқан.

Соған қарамастан Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мұғалімді есірткі сатқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

 sputnik




Көрілген: 171    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.01.2020, 14:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31