Қылмыс

Қарағандылық полицей жаяу жүргіншіні қағып өлтірген күдіктіден пара алған

  • © nhknews.ru

    © nhknews.ru

Қарағанды облысында жаяу жүргіншіні қағып өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін пара алған полиция майоры әшкереленді.


«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Қарағанды облысы бойыншы департаменті ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы полиция басқармасы Мұстафин кентінің полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майорының парақорлық фактісін анықтады», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының баспасөз хатшысы Арман Бердалин елордада өткен брифингте.


Полиция майоры жаяу жүргіншіні қағып өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін азаматтан 300 мың теңге сомасында пара алу бойынша күдікті деп танылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Кінәсін толық мойындауына байланысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасып жатыр», - деді А. Бердалин.


ҚазАқпарат


 




Көрілген: 414    Пікірлер: 0

жұма, 05.04.2019, 08:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30