Қылмыс

Қару ұстап суретке түскен астана тұрғыны қамауға алынды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Полиция «Вконакте» әлеуметтік желісіне қару ұстап түскен суретін салған елорда тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі астаналық жігіт әскери киіммен қару асынып суретке түсіп, оны «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде жариялағанын жазады.

 

Ал қала тұрғындарының бірі «102» арнасына хабарласып, әлеуметтік желіде ұлына қару ұстап суретке түскен белгісіз адамнан ертең елордада «көңілді болатыны» туралы хабарлама келгенін айтқан.

 

«Посттың авторы ұсталып, полицияға жеткізілді. Ол 23 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Airsoft-ке әуестігі бар жігіт бұл посты «ВКонтакте» парақшасында жазылушылар санын көбейту үшін жариялағанын айтып отыр. Аталған фактбойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Соның аясында атыс қаруының кімге тиесілі екенін анықтау үшін баллистикалық сараптама тағайындалды. Полиция департаменті қаруды заңсыз иемденгені, бергені, өткізгені және сақтағаны үшін заң бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді», - делінген департаменттің мәліметінде.

 

 

 




Көрілген: 456    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.06.2021, 18:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30