Қылмыс

Көкшетауда әкімшілік қамауға алынғандардың улануы: қылмыстық іс қозғалды

  • http://dailynews.kz/

    http://dailynews.kz/

Көкшетауда қабылдау орналастыру орнында әкімшілік қамауға алынған адамдардың уланып өлуіне байланысты іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Көкшетау қаласындағы қабылдау-орналастыру орнында әкімшілік қамауға алынған 6 адамның улану белгісімен қалалық аурханаға түскені, кейін оның үшеуі көз жұмғандығы туралы ақпарат тараған болатын.

 

Желідегі мәліметтерге қарағанда көз жұмған адамдардың жасы 32-41 аралығында.

 

Осындай оқиғаның болғанын ҚазАқпарат тілшісіне Полиция департаментінің қызметкерлері растап, қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

 

«Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 304 бабының 3 бөлігі (санитарлық және гигиеналық нормаларды бұзу) бойынша іс қозғалып тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, сот-медициналық сараптама тағайындалды»,- деп айтты ПД баспасөз қызметіндегілер ҚазАқпарат тілшісінің сауалына.

 




Көрілген: 487    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.06.2020, 12:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31