Қылмыс

Қонақүйде ер адамды бопсалаған әйел ұсталды

  • Фото: kaula.ru

    Фото: kaula.ru

Қонақүйде ер адамды бопсалаған түркістандық әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды.

 

Жас жігіттің айтуынша, оған облыс орталығындағы қонақүйдің бірінде өзіне массаж жасаған әйел қоқан-лоққы көрсеткен. Әйел жас жігітке жала жауып, бопсалап, 500 000 теңге ақша талап еткен.

 

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 194-бабы 1-бөлігімен (Қорқытып алу) тіркеуге алынған.

 

 

Ақпарат алысымен тәжірибелі түркістандық полицейлер жедел әрекетке көшеді. Нәтижесінде келесі күні аталған қонақүйде массаж жасаушы әйел арызданушы жас жігіттен ақша алып жатқан жерінен ұсталды.

 

Оқиға орнынан айғақты зат ретінде 200 000 теңге алынды.

 

Күдікке ілінген әйел жергілікті тұрғын болып шықты.

 

Бас шарасы “қолхатта”.

 

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Тәртіп сақшылары әйелдің басқа да істерге қатысы бар-жоғын  анықтауда.

 

 

 




Көрілген: 1858    Пікірлер: 0

жұма, 16.07.2021, 18:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30