Қылмыс

Қордайда полиция қызметкерлеріне жұдырық жұмсаған ағайындылар қамауға алынды

  • © miro.medium.com

    © miro.medium.com

Қордай ауданының полиция қызметкерлеріне күш қолдануға қатысты іс бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

 

2020 жылы 18 ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылында кезекшілік қызметін атқарып жүрген жол полициясы қызметкерлері Воингуй деген азамат тізгіндеген Honda Odyssey көлігін тоқтатқан. Тексере келе, көлік құжаттары болмаған көлік иесінен полиция бөліміне еріп жүру сұралған. Алайда полицияның бұл талаптарын орындамаған ол өз үйіне тартқан. Үйі алдында ағалары Воингуй А. және Воингуй М. – бәрі бірге полиция қызметкерлеріне күш қолданған, делінген ҚР Бас прокуратурасының таратқан ақпаратында.

 

Аталған факті бойынша Бас прокуратураның арнайы прокуроры Қылмыстық кодекстің 380-бабы 1-бөлігі, яғни "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін жүргізді.

 

Үш айыпталушы кінәсін толық мойындап, тергеу сотының келісімімен қамауға алынды. 14 ақпанда қылмыстық іс айыптау актісімен Қордай аудандық сотына жіберілді, деп хабарлады құзырлы ведомствадағылар.

 




Көрілген: 281    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.02.2020, 13:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31