Қылмыс

Қостанайда кісі өлтіргендер көшедегі бейнекамераға түсіп қалған

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Қостанайда төбелес болып, бір адам көз жұмды. Қанды оқиға көшедегі бейнебақылау таспасына түсіп қалған. Бұл оқиғаға қатысты Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.


Полициядағылар 14 шілдеде шамамен таңғы сағат 6-да Қостанай қаласы полиция бөлімшесіне қоңырау келіп түскенін, 7-ші ықшам аудандағы дүкен алдында төбелес боп жатқанын біреу хабарлағанын айтады.


"Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, мән-жайды анықтаған. Сөйтсе дүкенге келген екі ер адам дүрдараз боп, өзара сөзге келіп қалған. Оның арты төбелеске ұласып, біреуі пышақпен жараланған. Оқыс оқиға орнына жедел жәрдем көлігі келіп жеткен. Алайда 34 жастағы жәбірленуші ауруханаға жетпей, көз жұмды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы, 1-тарауы бойынша, яғни "Қасақана кісі өлтіру" бабымен сотқа дейінгі алдын-ала тергеу жұмыстары қолға алынды. Сараптама тағайындалды", - дейді полициядағылар.


Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.


Видео:  www.instagram.com/p/Bz6Dup8nOYA/


 




Көрілген: 4936    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.07.2019, 19:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31