Қылмыс

«Көзі көрмей ағып кеткен»: Тараздық әйел күйеуінің соққысынан соқыр болып қалған

  • «Көзі көрмей ағып кеткен»: Тараздық әйел күйеуінің соққысынан соқыр болып қалған

    «Көзі көрмей ағып кеткен»: Тараздық әйел күйеуінің соққысынан соқыр болып қалған

Тараз тұрғыны емделемін деп көзінен айырылды. Патма Мақсұтова сол көзінің ағып кеткеніне ақ халаттыларды кінәлайды. Ал, көз емдеу орталығындағылар оның жарының соққысынан соқыр болып қалғанын айтып ақталып отыр, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Патма Мақсұтова көру қабілеті нашарлап кеткеннен кейін көз емдейтін жеке клиникаға барыпты. Ондағылар тексеріп, құны 115 мың теңге болатын дәріні салуды ұсынған. Дәрігерлер екпе салып, 10 күннен соң келесің деп үйіне жіберген. Алайда, келесі күні таңертең жанарында қара дақ пайда болып, көзінен қоймалжың сұйықтық аға бастаған. Сосын бірден дәрігерлерге хабарласыпты. 

«Көзімді көргенде дәрігерлер қатты қорқып кетті. Сосын жалғыз өзімді жеке палатаға жатқызып қойды. Мен олардың өз араларында инфекция деп жатқанын анық естідім. Мейірбикелер палатаны жиі тазалап отырды, ешкімді кіргізген жоқ. 28 күн ішінде көзіме 150-ге жуық дәрі салды», - дейді Патма Мақсұтова.

Ол ауруханадан шыққан соң арада апта өтпей сол көзінің мүлде көрмей ағып кеткенін айтты. Ал, ақ халаттылар болса мұнымен келіспейді. Олар науқасты жары соққыға жыққан деп отыр.




Көрілген: 1213    Пікірлер: 0

сенбі, 23.01.2021, 10:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28