Қылмыс

Көзіне тұз сепкен: Өгей әкесі сабаған 8 жасар баланың анасы мән-жайды айтты

  • http://www.domotvetov.ru/

    http://www.domotvetov.ru/

Ұрып-соққанымен қоймай, көзіне тұз септі. Жансақтау бөліміне түскен 8 жасар ұлын азаматтық некедегі күйеуі қалай соққанын баланың анасы Нина Шелипова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Н.Шелипова азаматтық некедегі күйеуі жалғыз ұлын өлімше етіп сабап жатқан кезде үйде болған.

 

«Сол уақытта күйеуімнен қорықтым. Балам екеуімізді бірдей өлтіреді деп ойладым. Ол ішімдік ішіп алған. Біз оның айтқанының бәрін істедік. «Ваннаны жу» деді, жудық. Бірақ соған қарамастан ұлымды ұрып-соқты. Көзіне тұз септі», - деді баланың анасы.

 

Өгей әкесінен соққы жеген 8 жасар ұл қазір Талдықорғандағы облыстық Балалар аурухасының жансақтау бөлімінде жатыр. Ол сәуірдің 18-інен 19-ына қараған түні түнгі сағат он екі жарымда жедел жәрдем көлігімен осы жерге жеткізілген. Бала ес-түзсіз халде болған.

 

«Үш күннен кейін ғана есін жиды. Миына қан құйылған. Кеуде қуысы, іш қуысы, өкпе, ішектерге зақым келген. Сүйектері аман, сынбаған», - деді Алматы облыстық Балалар ауруханасының бас дәрігері Марат Досқалиев.

 

Баланың анасының айтуынша, бірінші көршілері полицияны шақырған. Содан кейін ғана ол жедел-жәрдемге хабар берген.

 

«Үйімізде отбасылық жанжалдар болып тұрады», - деген әйел өзінің алкогольге әуестігі жоқтығын айтады.


«Мені де ішімдік ішті деп ойлайды. Бірақ еш уақытта ішпегенмін, шіркеуге барамын», - деді ол.

 

Нина Шелипованың сөзінше, 32 жастағы ер адаммен көңілі жарасқанына үш жылға жуықтаған. Енді оның заң алдында жауап беруін талап етуде.

 

«Ол жасаған қылмысын толығымен мойындап отыр. Қазір күдікті уақытша ұстау абақтысында. ҚР ҚК-нің 106 бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зақым келтіру) бойынша сотқа дейін тергеу жүргізілуде», - деді Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Ақбота Әзірбек.

 

Ал шарасыз күйдегі баланы аяусыз ұрып-соққан ер адам үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе осы мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

8 жастағы ер бала жансақтау бөліміне түскенін бұған дейін жазған болатынбыз.

 




Көрілген: 1024    Пікірлер: 0

жұма, 24.04.2020, 09:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31