Қылмыс

ҚТК басшысының экс-орынбасарына 72 миллион теңге айыппұл салынды

  • © Photo : Антикоррупцияға қарсы қызмет

    © Photo : Антикоррупцияға қарсы қызмет

"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ  басқарма төрағасының бұрынғы орынбасарына пара алғаны үшін 72 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"12 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының үкімімен "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Өсербаевқа параның отыз еселенген сомасы, яғни 72 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынды", - деді Биғайдаров брифингте.

 

Өсербаев "ФН Менеджмент" ЖШС директоры Тәжібаевтан 2,4 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Ол параны мүлікті басқару бойынша ұйымдастыру қызметін көрсету туралы келісім аясында орындалған жұмыстар туралы актілерге қол қою үшін сұраған.

 

Сонымен қатар, Биғайдаровтың айтуынша, дәл сол сот үкімімен ЖШС директоры Тәжібаевқа 48 миллион теңге айыппұл салынды.

 

 




Көрілген: 479    Пікірлер: 0

жұма, 23.04.2021, 17:15

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31