Қылмыс

Куәгер ер адамның қызды қалай зорламақ болғанын айтты

  • Куәгер ер адамның қызды қалай зорламақ болғанын айтты

    Куәгер ер адамның қызды қалай зорламақ болғанын айтты

Бұрын сотталған 32 жастағы педофил Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде 7 жасар қыз баланы зорламақ болды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Әйелдің осы оқиға туралы баяндаған хабарламасы әлеуметтік желілерде тарап кеткен.


– Маньяк дәретхана ішінде күтіп отырған. Қыз дәретханаға кіргенде анасы сыртта күткен. Ер адам кірген қызды ұстап алып, кабинкаға кіргізеді. Сол жерде қызға анайы видео көрсетеді. Көрші кабинкада болған әйел сол дыбысты естіп, күзет пен полиция шақырды. Әлгі адам қыз баланы зорламақ болған, – дейді хабарламаның авторы.

Жұма күні таңертең Алматының полиция департаменті бұл деректі растады.


– Кәмелетке толмаған қыз балаға қарсы қылмыс жасады деген күдікті ҚР ҚК 128 бабы бойынша қамауға алынды. Ол Ақтөбе облысының 32 жастағы тумасы. Бұрын да кәмелетке толмаған балаға зорлық жасағаны үшін сотталған. Қазір күдіктінің әрекеті ҚР ҚК бірден екі бабы: 121 бап, 4б және 124 бап, 1б бойынша қаралуда. Тергеу ісін Бостандық ауданының полиция басқармасы жүргізуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Алматы полициясы мен қала прокуратурасының бақылауында, – деп хабарлады Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.




Көрілген: 922    Пікірлер: 0

жұма, 24.05.2019, 21:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31