Қылмыс

Қылмыстық топ заңсыз жолмен Ресейден көлік тасып келген

  • Қылмыстық топ заңсыз жолмен Ресейден көлік тасып келген

    Қылмыстық топ заңсыз жолмен Ресейден көлік тасып келген

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынған автокөліктердің экономикалық контрабандасын жүзеге асырған трансұлттық қылмыстық топты әшкереледі.

Ұйымдастырушылар көліктерді Ресейден Қазақстан аумағына қосалқы бөлшектер түрінде жалған кедендік құжаттар бойынша жеткізіп отырған. Анықталған қойманы тінту барысында 60 автокөлік (54 жеңіл және 6 жүк көлігі), заңға қайшы әрекеттерді растайтын құжаттар, жалған техникалық паспорттар мен РФ-ның жалған мемлекеттік нөмірлік белгілері тәркіленді.

Мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала есептелген көлемі шамамен 650 млн теңгені құрайды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


 BAQ.KZ




Көрілген: 389    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.03.2021, 09:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30