Қылмыс

Қыздың басын кім кесті – Қызылордада болған қанды оқиға

  • © CC0

    © CC0

Қызылорда облысының прокуратурасы 2019 жылдың 10 қазанында болған оқиғаға кім кінәлі екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Еске сала кетсек, 10 қазан күні жергілікті полицияға Тасбөгет елдімекеніндегі өзен бөгетінде қыздың денесі табылғаны туралы хабар түскен. Қыздың басы кесілген.

Полицейлер бұған өздері көз жеткізді. Көлікте жараланған ер адам табылды. Жанында қыздың денесі болған. Жақын маңда тәртіп сақшылары қыздың басын тапты.

Жігіт ауруханаға жеткізіліп, аман қалды. Қыз да, жігіт те 1990 жылы Қармақшы ауданындағы Жаңажол ауылында туған. Трагедия болған кезде екеуі де Қызылордада жұмыс істеген. Қыз Тасбөгетте туыстарында тұрған.

Оқиғаны тергеуді Қызылорда облысының прокуратурасы бақылауға алды. Құқық қорғау органының қызметкерлері жаралы табылған жігітті де күдікті ретінде қарастырды. Соңында танысын сол жігіт өлтіргені анықталды.

"Жігіт көлікте қызға бірнеше рет пышақ сұғып, басын кесіп тастады", - деп хабарлады Қызылорда облысының прокуратурасы.

Daewoo Nexia көлігі жігітікі болған. Қызды өлтірген соң ол өзін өзі жаралаған. Жігіт ауруханадан шыққан соң қамауға алынды.

Психиатр қаскөйдің психологиялық ауытқуы бар екенін дәлелдеді.

"Сот-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, күдіктіге "белгісіз шизофрения" диагнозы қойылды", -деді прокурорлар. – Қылмыстық іс Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді".

 




Көрілген: 454    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.01.2020, 11:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29