Қылмыс

Қызылордада балалар үйінің тәрбиеленушілері саунаға қарақшылық шабуыл жасады

  • Фото с сайта gorlovka.today

    Фото с сайта gorlovka.today

Қызылордада балалар үйінің тәрбиленушілері қаладағы сауналардың біріне шабуыл жасаған, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Балалар саунаға баса-көктеп кіріп, кассирден 90 мың теңгеден астам ақшаны тартып алып, оқиға орнынан қашып кеткен.


«Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде бір күдікті ұсталды. Ол 16 жастағы балалар үйінің тәрбиеленушісі. Тағы үш күдікті оқиға орнынан қашып кетті, оның екеуі балалар үйінің тәрбиеленушілері болып шықты. Тәулік ішінде олар да тұтқындалды», делінген хабарламада.


Орын алған қарақшылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.


Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, оларға мүлкін тәркілеумен қатар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.


 kyzylorda-news.kz




Көрілген: 777    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.08.2019, 17:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30