Қылмыс

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан екі әйел ұсталды

  • https://focus.ua/

    https://focus.ua/

Қызылордада полицейлермен “STOP трафик” іс-шарасы кезінде жеңгетайлықпен айналысқан екі азаматша ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

10-12 қыркүйек аралығында Қызылорда облысы аумағында адам саудасына байланысты қылмыстарды ашу, ескерту, жолын кесу және еңбегін қанау мақсатымен адамдарды ұрлау және бас бостандығынан айыру саласындағы қылмыстарды анықтау мақсатында “STOP трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілген болатын.

 

Үш күнге созылған шара барысында полиция қызметкерлерімен рейдтік жұмыстар жүргізіліп, қоғамдық орындарда тиісу дерегі бойынша 35 азаматқа әкімшілік шара көрілді. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 449-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

 

Сонымен қатар жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген екі азаматша анықталды.

 

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігімен (Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

 

Аталған бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

 

 




Көрілген: 442    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.09.2020, 22:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31