Қылмыс

Қызылордада көлік ұрлаған ер адамды ұстау сәті видеоға түсірілді

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Қызылордада “Тосқауыл” іс -шарасы аясында көлік ұрысы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Ақсай полиция бөлімінің қызметкерлері бөтен көлікті айдап кеткен экстремалды ізін суытпай ұстады.

 

Анықталғандай, 29 мамыр күні таңертең ер адам көпқабатты үйдің ауласына қойылған Volkswagen Golf маркалы көлікті ұрлап кеткен.

 

Айдап әкетушіні анықтау және ұстау үшін “Тосқауыл” жоспары жарияланып, патрульдік нарядтар бағдарланды.

 

Осылайша, “Боран 12” және “Боран 13” экипажы – Азамат Мәмбеталиев, Сәрсеналиев Исламбек, Шайділдаев Бақыт және Нұрадинов Заңғарлардың кәсібилігі мен жедел іс-әрекеттерінің арқасында құқықбұзушы ұсталды.

 

Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

 

Күдікті оқиға орнында ұсталды.

 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігі (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (айдап әкету)) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

 

 




Көрілген: 959    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.05.2021, 13:14

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31