Қылмыс

Қызылордада тұрғынның 2 млн теңгесін иемденіп кеткен алаяқ ұсталды

  • Қызылордада тұрғынның 2 млн теңгесін иемденіп кеткен алаяқ ұсталды

    Қызылордада тұрғынның 2 млн теңгесін иемденіп кеткен алаяқ ұсталды

Қызылордада жергілікті тұрғынға үйдің баспалдағын жасап беремін деп 2 миллион теңгені алған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс орталығының тұрғыны үй иесіне «үйдің баспалдағын жасап беремін» деген желеумен сеніміне кіріп, 2 миллион теңгеден астам ақшасын алған. Бұл оқиға былтыр болса да келісілген уәде орындалмаған.

Үй иесі аталған мәселемен полицияға жүгінді. Шағым бойынша облыстық полиция департаментінің қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол кінәсін мойындап, оған қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Онда алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену жағдайы көрсетілген.




Көрілген: 553    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.06.2021, 08:53

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31