Қылмыс

Масанчиде ақсақалды ұрды деген күдікті ұсталды

  • Масанчиде ақсақалды ұрды деген күдікті ұсталды

    Масанчиде ақсақалды ұрды деген күдікті ұсталды

Ішкі істер минисрі Ерлан Тұрғымбаев Масанчиде ақсақалға қол көтерген адамның ұсталғанын мәлімдеді. Тергеу нұсқасы бойынша, осы оқиға жергілікті тұрғындардың арандауына себеп болған, салдарынан Қордай ауданындағы елді мекендерде жаппай төбелес орын алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сенаттағы ішкі істер министрлігін реформалау бойынша үкімет сағатының барысында аталған мәселені депутат Мұхтар Құл-Мұхаммед көтерді.

"Қордайда болған жағдай, әрине бұлай болмауы керек еді. Өйткені, негізінен бұл азаматтар – қылмыскерлер. Сол қылмыскерлер табылды ма?", – деп сұрады депутат ішкі істер министрінен.
Ол сондай-ақ ақсақалға қол көтеру фактісін сынға алды.

"Ақсақалға қол көтерген адамдар ұсталды ма?", – деп сұрады халық қалаулысы.
Өз кезегінде министр бүгінде Қордайдағы жағдайдың тұрақты екенін жеткізді. Қазіргі таңда бұл ауданда жаңа қылмыстар тіркелмеген.

"Полиция қызметкерлеріне қол көтерген үш адам табылып, қамауға алынды. Бір-екі аптада олардың істері сотқа жіберіліп, сонда қаралады. Ақсақалға қол көтерген адам да ұсталды. Ол ертесіне қолға түсті. Медициналық сараптама аяқталған соң, бір-екі аптадан кейін іс сотқа жіберіледі", – деді Тұрғымбаев.
Еске сала кетсек, Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан 11 адам мерт болды.

18 қаңтарда бас прокуратура Қордай ауданында тәртіп сақшыларына қарсы күш қолдану ісі бойынша тергеудің аяқталғанын мәлімдеп, үш адамнң ұсталғанын хабарлаған.




Көрілген: 189    Пікірлер: 0

жұма, 21.02.2020, 21:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31