Қылмыс

«Мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін»: Семейлік әйел 4 адамды алдап соқты

  • «Мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін»: Семейлік әйел 4 адамды алдап соқты

    «Мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін»: Семейлік әйел 4 адамды алдап соқты

Семей қаласында бірнеше адамды тұзаққа түсірген әккі алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына 57 жастағы азамат қоңырау шалған. Өз сөзінде ол танысының мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесемін деп алдағанын жеткізді. Бұған сенген жәбірленуші оған 1 000 000 теңге берген.

«Сол күні ұқсас қылмыс бойынша Семей қаласының 38 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Белгілі болғандай, қазан айының ортасында алаяқ оған автокөлікті кепілден сатып алуға көмектесетіндігін айтып сендірген. Келтірілген залал мөлшері – 500 000 теңгені құрап отыр», - делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Ол 51 жастағы жұмыссыз әйел болып шықты. Тергеу барысында семейлік азаматша өз кінәсін мойындаған.

«Күдікті ұсталғаннан кейін оның құрбаны болған тағы екі адам полицияға жүгінді. Анықталғандай, 27 қазанда 64 жастағы зейнеткер мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алғысы келіп, алаяққа 90 000 теңге берген. Ал 32 жастағы шаһар тұрғыны дәл осы схема бойынша алданып, әккі әйелдің қолына 216 000 теңге ұстатқан», - делінген ақпаратта. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жалғасуда.\




Көрілген: 768    Пікірлер: 0

сенбі, 06.11.2021, 01:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31