Қылмыс

Мүгедек қызды зорлады: Павлодар тұрғыны 9 жыл бұрын жасаған қылмысы үшін сотталды

  • Мүгедек қызды зорлады: Павлодар тұрғыны 9 жыл бұрын жасаған қылмысы үшін сотталды

    Мүгедек қызды зорлады: Павлодар тұрғыны 9 жыл бұрын жасаған қылмысы үшін сотталды

Павлодар тұрғыны 9 жыл бұрын өгей қызын зорлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Күніне 2 854 теңге: Қазақстанда зейнеткерлер мен өмір бойына сотталғандар бірдей қаражатқа өмір сүреді

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 43 жастағы ер адамның ісі жабық есік аясында өтті.

 

"Сотталушы 1997 жылғы 16 шілдедегі ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі ("он төрт жасқа толмаған адамға қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері") бойынша жасалған қылмысқа кінәлі деп танылды. Оған 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деді судья Асхат Нұрқиев.

Сондай-ақ, сот ер адамды белгілі бір лауазымдарды атқару және белгілі бір қызметпен 15 жыл мерзімге айналысу құқығынан айырды.

Сотталушы жазасын ең қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

"Сот жәбірленушінің айғақтарын негізге алды, бұл күмән туғызбайды. Оның айыпталушыны атағаны кездейсоқ емес. Жәбірленушінің оған жала жабуға ешқандай негізі жоқ. Бұл істе анасынан да айғақтар бар", - деп атап өтті сот құжаты жарияланғаннан кейін Нұрқиев.

Бұл істегі жәбірленуші - 19 жастағы павлодарлық қыз, екінші топтағы мүгедек. Қыздың анасының айтуынша, қызы 8-9 жасында зорлық-зомбылық көрген. Қыз 15 жасында анасына бұрынғы өгей әкесінің тиіскенін айтып берген. 

Әйел дереу полицияға шағымданған. Тергеу екі жылға созылды, қылмыстық іс бірнеше рет жабылды, жәбірленушінің анасының бас прокуратураға және балалар омбудсменіне шағымынан кейін қайтадан ашылған. 2018 жылдың қараша айында тергеу тағы бір рет тоқтатылған кезде, өзін азаптаушы жазаланатынына сеніп жүрген оқушы  9-ші қабаттан секіріп кетті.

Қыз тірі қалды. Жедел уәкілдердің тапқан күнделігінде ол өліміне кім кінәлі екенін жазған.

Әйел мен оның қызы шығарылған үкіммен келіседі.

"Сот сотталушыға мүмкін болатын ең ұзақ мерзімді тағайындады. Жазаны әділ деп есептейміз", - деп атап өтті зардап шегуші.

 
 

 




Көрілген: 429    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.07.2020, 08:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30