Қылмыс

Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы БАӘ-ден экстрадицияланды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Біріккен Араб Әмірліктерінен Мұхтар Әбілязовтың сыбайласы экстрадицияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктерінен БТА Банкінің бұрынғы басқарушы директоры Рустам Ибрагимовты Қазақстанға экстрадициялады.

 

Ибрагимов БТА Банкінің 250 млн АҚШ доллары қаражатын Мұхтар Әбілязовтың ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерімен бірлесіп жасаған ұрлығы үшін іздеуде болған.

 

Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында ол, БАӘ-де Қырғызстан азаматының жалған төлқұжатын пайдаланып жасырынған. Алайда, қазақстандық құқық қорғау органдарының араб және қырғыз әріптестерімен бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде, сондай-ақ БАӘ-дегі Қазақстан елшілігінің көмегімен жоғарыда аталған төлқұжат заңсыз деп танылып, қылмыскер ұсталып Қазақстан Республикасына экстрадицияланды.

 

Қазіргі уақытта Ибрагимов Алматыдағы тергеу изоляторына қамалды.

 




Көрілген: 366    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.03.2020, 10:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30