Қылмыс

Немересін құтқармақ болған әйел «полицейге» 400 мың аударған

  • Немересін құтқармақ болған әйел «полицейге» 400 мың аударған

    Немересін құтқармақ болған әйел «полицейге» 400 мың аударған

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер зейнеткер әйелді телефонмен алдап, оның 400 мың теңгесін олжалаған алаяқты іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшыларына Мағжан Жұмабаев ауданының 60 жастағы тұрғыны жүгінген.

Зардап шегушінің айтуынша, оған телефонмен белгісіз біреу хабарласып, өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған. Сондай-ақ әйелге немересінің келеңсіз жағдайға тап болғанын, бұл мәселені «шешу» үшін 400 мың теңге төлеудің қажет екенін айтқан. Есі шыққан әйел қаскөйдің барлық талаптарын орындап, көрсетілген шотқа ақша аударған. Тек кейін өзінің алаяққа жем болғанын біліпті.

Аталған дерек «Алаяқтық» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

«Әйел адамның немересіне хабарласып, мән-жайды сұрамағаны түсініксіз. Әрине, қылмыскер психологиялық қысым көрсеткен. Алайда, мұндайда абдырамай, көмек қажет деген туысына хабарласып, мән-жайды өз аузынан білген жөн. Телефон алаяқтығы өткен жылдары белең алған. Енді қаскөйлер интернет-кеңістікке ауысқан», - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Полицейлердің айтуынша, интернет-алаяқтар көбіне өздерін банктің қауіпсіздік қызметі өкілі ретінде таныстырады. Кейін оның шотынан біреу ақша шешіп жатқандығын айтып қорқытып, тез арада банк картасының кодын айтуды талап етеді. Осылайша қылмыскер интернет-банкинг арқылы шоттағы ақшаны қолды етеді. Бүгінгі күні бұл – киберқылмыстың кең тараған әдісі.

Жалпы СҚО полицейлері жыл басынан 46 интернет-алаяқтықты ашты.




Көрілген: 485    Пікірлер: 0

сенбі, 05.09.2020, 01:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31