Қылмыс

Нұр-Сұлтан әуежайында қызметкерді белгісіз ер адам ұрып кеткен

  • Нұр-Сұлтан әуежайында қызметкерді белгісіз ер адам ұрып кеткен

    Нұр-Сұлтан әуежайында қызметкерді белгісіз ер адам ұрып кеткен

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында белгісіз адам қызметкерді ұрып, қымбат жол талғамайтын көлікпен қашып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғаға қатысты "Нұр-Сұлтан" әуежайының баспасөз қызметі түсініктеме берді. 

 
Белгілі болғандай, оқиға 19 мамырда болған. Қызметкерді ұрып тастаған ер адам Ashyq жүйесі арқылы әуежай ғимаратына кіруден бас тартқан. Нәтижесінде ер адам әуежайға кіруге рұқсат бермеген қызметкерді соққыға жыққан. 

"Ол әуежайға Ashyq жүйесін қолданбай, айналып кірмек болған. Тәртіпке бағынғысы келмеген ер адамды авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкері тоқтатқан. Ер адам қызметкерге қол көтерген. Содан кейін ол көлігіне отырып, кетіп қалған. Әуежай қызметкерлері саптық полиция бөліміне жүгінген. Көп ұзамай құқық бұзушы табылды ", - деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Ер адам ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны атап өтілді.

Әуежайдың баспасөз қызметі ғимаратқа қарсы алушылар, шығарып салушылар мен барлық жолаушыларға кіру тек Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асатынын еске салады.

"Түсініспеушіліктер мен жанжалды жағдайларды болдырмау үшін қосымшаны алдын-ала жүктеп алып, мәртебеңізді Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының сайтындағы QR код арқылы біліп алыңыз”, - деп хабарлады әуедайдың баспасөз қызметі. 




Көрілген: 506    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.05.2021, 13:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31