Қылмыс

Нұр-Сұлтанда 18 жастағы жігіт бір түнде екі көлік ұрлап, ұсталды

  • Нұр-Сұлтанда 18 жастағы жігіт бір түнде екі көлік ұрлап, ұсталды

    Нұр-Сұлтанда 18 жастағы жігіт бір түнде екі көлік ұрлап, ұсталды

Жас жігіт бір түн ішінде тұрғын үйлердің ауласынан екі көлік ұрлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті алдымен Мұстафин көшесінде ВАЗ-2114 автокөлігін бұзып кіріп, айдап кеткен. Бірнеше метр жүргесін, жас жігіт ойын өзгерткен. Сол бойда көлігін тастап, кетіп қалған. Жол-жөнекей «Тойота Карина» маркалы автокөлігіне көзі түскен. Ұрланған көлікпен аздап қыдырғасын жігіт оны саябақта қалдырған.

Полиция қызметкерлері ізін суытпай 18 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ұсталған азаматтың айтуынша, автокөлікті ұрлау тәсілдерін ол интернет желісінен үйренген, сөйтіп алған «білімін» іс жүзінде пайдаланып көргісі келген.

Жас жігітке қатысты автокөлікті ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Автокөліктер иелеріне қайтарылды.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтарды көлікті қойғанда сақ болуға, есік-терезелерінің жабылғанын тексеру керектігін ескертеді.

«Көлігіңізді айдап әкетуден сақтау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері автокөлік иелеріне машиналарды күзетілетін тұрақтарға қоюды және дабыл жүйесін орнатуды ұсынады. Егер сізге қатысты заңсыз әрекеттер жасалса, дереу 102 нөмірі бойынша хабарлаңыз»,-делінген хабарламада.




Көрілген: 389    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.07.2021, 10:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30