Қылмыс

Нұр-Сұлтанда шолақ аңшы мылтығын алып жүрген жас жігіт ұсталды

  • https://kubnews.ru/

    https://kubnews.ru/

Профилактикалық шаралар жүргізу кезінде полицейлер түнгі екілер шамасында Тараз көшесінен 27 жастағы жігітті ұстады. Одан шолақ аңшы мылтығы тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Жас жігіттің айтуынша, ол мылтықты бейтаныс адамнан сатып алып, келешекте бөтелкелерді атып жаттықпақшы болған.

 

Оған қоса, мылтықты өз еркімен тапсырмақ та болған, алайда ол қаруды тапсырғанға дейін полицияғ ұсталған.

 

Маманның қорытындысына сәйкес, алынған қару – механикалық тәсілмен қысқартылған, техникалық жағынан атуға жарамды, бір ұңғылы зауыттан шыққан мылтық.

 

Аталған факті бойынша ұсталған азаматқа қатысты қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны, тасымалдағаны, алып жүргені үшін қылмыстық іс қозғалды.

 

Елорда аумағында атыс қаруын қолданумен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу және азаматтық, қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында 17 мамырдан 16 маусымға дейін «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

 

Іс-шара қорытындысы бойынша айналымнан барлығы 32 заңсыз сақталған қару мен 71 ойықты қарудың оғы алынды.

 

Қару айналымы ережесін бұзғаны үшін тіркелген қарудың 337 бірлігі тәркіленді.

 

Іс-шара басталғаннан бері 15 мың қару иесі тексерілді, 104 сақтау және алып жүру фактісі, 113 қаруды қайта тіркеу тәртібін бұзу фактісі анықталды.

 

Барлық тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапқа тартылды.

 

 




Көрілген: 592    Пікірлер: 0

жұма, 18.06.2021, 12:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31