"Ол істі жабу үшін бәрін сатып алды": Елордалық келіншек өзін зорлаған адам туралы айтты
Астаналық әйел алты айдан астам уақыттан бері әділеттілікке қол жеткізе алмай келеді. Оны бұрынғы жігіті қатты соққыға жығып, зорлаған. Ал жақында тергеушілер қылмыстық істі толығымен жауып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап. 
Жігіті жағдайы жақсы емес екенін айтып, қыздан өзін қонақ үйге апаруын өтінген. Ешнәрсе ойламастан, қыз келісім берген көрінеді. Жігіт ішімдікке мас болған деген болжам бар. Қонақ үйге барғаннан кейін жігіт қызды қатты соққыға алған. Қызды өлімше етіп сабаған. Көптеген дәлелдерге қарамастан, іс жабылған. Зардап шегуші айыпталушы барлығын сатып алды деп шағымданды. 
 "Бізді басшының орынбасары шақырды, ол іс бақылауға алынғанын айтты. Бұл факті бойынша істі сотқа дейін жеткіземіз деп уәде берді. Бүгінгі күнге дейін ешқандай нәтиже болмады. Құжаттар жоғалып кетті деген болатын. Артынша табылғаны белгілі болды. Бірақ құжаттардың ішінде ешқандай дәлел болмай шықты. Күдікті бәрін сатып аламын деп айтқан болатын. Дәл солай болды", - дейді зардап шегуші Анель. 
Еске салсақ, күдікті осыған ұқсас істер бойынша бірнеше рет жауапқа тартылған. Бірақ жазасын өтеуден құтылып кеткен көрінеді. 
Ер адам Анельге істі жабу үшін бір миллион теңге ұсынған. Қыз бұл қаражаттан бас тартқан. Жергілікті полиция бұл жерде қылмыс құрамы жоқ екенін түсіндірді.
"Тергеу аясында барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Толық зерттеу жасалды. Осыдан кейін қылмыстық құрамның болмауына байланысты істі тоқтату туралы шешім қабылданды. Прокуратура бұл шешіммен келіскен", - дейді Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз хатшысы Эльмира Шәуленова. 
"Сені масқара қылып, арыңды таптаса да барлық ұятыңды жинап полицияға жүгінесің. Олар көмектесеміз деп алып, артынша бұл іске немқұрайлы қарайды. Сенің көзіңше қылмыскердің туыстарымен сыбырласып, сөйлесіп, елісіп жатқанын көресің. Тергеуші сеннен "Сіз нақты оны немесе оларды түрмеге отырғыңыз келе ме" деп сұрайды. Мұндай жағдайда бұл жүйеден қашып кеткің келеді", - дейді Nemolchi.kz қозғалысының басшысы Дина Смаилова.