Қылмыс

«Өлтіріп, жұмысқа кетті»: Алматы облысында апалы-сіңлі медбикелер қатыгездікпен кісі өлтіргені үшін сотталды

  • «Өлтіріп, жұмысқа кетті»: Алматы облысында апалы-сіңлі медбикелер қатыгездікпен кісі өлтіргені үшін сотталды

    «Өлтіріп, жұмысқа кетті»: Алматы облысында апалы-сіңлі медбикелер қатыгездікпен кісі өлтіргені үшін сотталды

Алматы облысында екі апалы-сіңілі кісі өлтіргені үшін сотталды. Сот айыпталушыларды 18 және 17 жылға бас бостандығынан айырды, бірақ олардың туыстары бұл шешімге қарсы шығуда.

Қылмыскерлер Арайлым Байтарақованы үйден шығару үшін өздерін пандемия кезінде 50 мың теңге көлемінде көмек тарататын әкімдік қызметкерлері деп таныстырған. Оны өзі тұрған Алдабергенов ауылынан автокөлікпен алып кеткен. Біраз уақыттан кейін жәбірленуші досына «құтқаршы» деген SMS хабарлама жіберген. Кейіннен Арайлымның туыстары оның ағашқа асылған күйінде тауыпты. Белгілі болғандай, апалы-сіңілі бойжеткенді аяусыз өлтіріп, ағашқа асып кеткен. Мұнымен қоймай, күдіктілер марқұмның таныс жігітін өлімге себепкер ретінде көрсеткісі келіп, оны айыптайтын хат жазып, жәбірленушінің қалтасына салып кеткен.

Дегенмен қыздың денесі табылған соң, қылмыскерлердің бірі өз кінәсін полицияға барып мойындайды.

«Ол тек қызымды қорқытқысы келген. Алайда Арайлым оның қолындағы пышаққа ұмтылып, байқаусызда қаза болыпты. Содан кейін бұл әйел қызымның өзіне қол жұмсағанына сендіру үшін ағашқа іліп кеткен», – деді «Время» газетіне берген сұхбатында Арайлымның анасы.

Алайда өлімнің абайсызда болғанына ешкім сенер емес. Себебі оның денесі қансырап, тіпті көгеріп кеткен.

«Олар оған пышақ пен бұрағыш құрал (отвертка – ред.), содан кейін ағашқа асып, денесін жасырмақ болды. Сол күні ешнәрсе өзгермегендей, жұмыстарына да барған», – деді Ratel.kz-ке марқұмның туысы.

Басылым мәліметінше, қылмыскер апалы-сіңілілер ауруханада жұмыс істейді екен.

44 жастағы Гүлбану Б. есімді айыпталушы қылмысын мойындағандықтан, соттан ауыр жаза тағайындамауын сұраса, оның сіңілісі Ұлжан Б. кінәсін мойындамапты. Олар «Адам ұрлау» және «Кісі өлтіру» баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Гүлбану 18 жылға, ал оның сіңілісі Ұлжан 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Жәбірленуші отбасының пайдасына материалдық зиянды өтеу есебінен 1 323 498 теңге, моральдық зиянды өтеу есебінен әрбір сотталған адамнан 5 000 000 теңгеден өндірілді», – делінген сот хабарламасында.

Марқұм Арайлымның артында екі баласы қалды. Кісі өлтіргені үшін сотталған Ұлжанның да жас балалары бар.

kznews.kz




Көрілген: 2139    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.06.2021, 01:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30