Қылмыс

Оралда әйелдерді тонаумен айналысқан қарақшы ұсталды

  • © YakutiaMedia

    © YakutiaMedia

Орал қаласында әйелдерді тонаған қарақшы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Орал қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 1971 жылғы тұрғын өткен наурыз айында төрт рет осындай қылмыс жасаған.


Отбасын құрмаған, еш жерде жұмыс жасамайтын А. есімді тұрғын Еуразия даңғылы, Құрманғазы және Исаев көшелері бойында қараңғы уақытта жалғыз өзі кетіп бара жатқан қыз-келіншек, әйелдерге шабуыл жасап, қолындағы сөмке, әмиян, ақша, ұялы телефондарын тартып алып отырған.


Кейбіреулерін үй кіреберістері алдында күтіп тұрып, артынан ілесіп, ұрып-соғып, қолындағы барын тартып алған.


Олардан 6 мыңнан 50 мыңға дейінгі ақшаларын, алтын бұйымдарын жымқырған.


Тәртіп сақшылары күдіктіні кезекті тонау барысында қолға түсірді. Оның бұған дейін де қарақшылық шабуыл мен тонауға қатысты заң алдында жауапталғаны анықталды.


Қазіргі кезде 4 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.  


 




Көрілген: 507    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.04.2019, 09:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30