Қылмыс

Оралда дүкеннен телефон ұрлаған жігіт сатушыны өлтіріп қоя жаздады

  • Оралда дүкеннен телефон ұрлаған жігіт сатушыны өлтіріп қоя жаздады

    Оралда дүкеннен телефон ұрлаған жігіт сатушыны өлтіріп қоя жаздады


Орал қаласындағы дүкендердің бірінен телефон ұрлаған қаскөй сатушының қолқасына пышақ сұққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік көпсалалы аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



 


Оралда дүкеннен телефон ұрлаған жігіт сатушыны өлтіріп қоя жаздады

Көрнекі фото: ru.sputnik.kg


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8; color: rgb(0, 159, 209);">Рассказать Вконтакте


Қарақшының қылмысқа барған әрекеті бейне бақылауға түсіп қалған. Ұялы байланыс дүкеніне телефон сатып алатын адамның кейіпінде келген ұры сөредегі заттарды жарты сағаттан аса қарап жүріпті.


Ал сатушы артқа бұрыла бергенде қаскүнем кәсіпкердің беліне бірнеше рет пышақ сұғып алған. Дүкен иелерінің айтуынша, ұры телефонды алып, қашып кетіпті.


31 жастағы жігіт шұғыл түрде Орал қалалық көпсалалы ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған.


Ақ халаттылар кәсіпкерді өлімнен арашалап қалу үшін 4 сағаттай ота жасаған.


«Пациенттің қолқасы зақымданып, көп қан жоғалтқан. Науқасқа ота жасалды. Жағдайы өте ауыр. Отадан соң хирургия бөліміне ауыстырылды. Өзі дем ала алады", - деді аталған аурухана директорының орынбасары Бақтияр Ташкенбаев.

Ал қалалық Полиция басқармасы күдіктінің бұған дейін де дәл осындай қарақшылық әрекеттері үшін үш рет сотталғанын алға тартты.


Уақытша тергеу изоляторына қамалған қарақшының үстінен Қылмыстық кодекстің 192-бабы, 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.






Көрілген: 520    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.03.2019, 21:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31