Қылмыс

Оралда түн ортасында болған төбелесте жас жігіт мерт болды

  • Көрнекі фото.  https://radio-kurs.ru/

    Көрнекі фото. https://radio-kurs.ru/

Оралда түн ортасында төбелес болып, жас жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 11 қыркүйекке қараған түнгі сағат 00.08 шамасында Н.Назарбаев даңғылы бойындағы қаланың ортасында орналасқан шіркеу маңында төбелес болып жатқаны жөнінде хабар түсті.

 

Полиция қызметкерлері дереу жеткен кезде 25-30 жастағы белгісіз ер адамның денесі табылды.

 

Кейін марқұмның 1992 жылғы тұрғын екендігі анықталды.

 

Қазіргі кезде аталған аса ауыр қылмысқа қатысы бар адамдар анықталу үстінде. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

«Егер аталған қылмыстың куәгері болсаңыз, Абай полиция бөліміне немесе 102 нөміріне хабарласу сұралады. Полиция департаменті ақпараттың құпиялылығына кепілдік береді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, екі адамның көз жұмғанын, БҚО тұрғынының 2,5 келіге жуық марихуанамен ұсталғанын жазған болатынбыз.

 

 




Көрілген: 447    Пікірлер: 0

сенбі, 11.09.2021, 10:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31