Қылмыс

Оралдағы көп қабатты үйде болған жаппай төбелес: Тағы бір адам көз жұмды

  • Оралдағы көп қабатты үйде болған жаппай төбелес: Тағы бір адам көз жұмды

    Оралдағы көп қабатты үйде болған жаппай төбелес: Тағы бір адам көз жұмды

Оралдағы жаппай төбелестен зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда көп қабатты үйлердің бірінде жаппай төбелес болды. Ер адам баспалдақта ішімдік ішіп отырған жігіттерден тыныштық сақтауды сұраған. Оны басқа пәтердің тұрғыны қолдады. Нәтижесінде дау ұрысқа айналды, оның барысында ер адамдардың бірі жігіттерд" пышақтап тастады. 

 "Шу, айқай естідім. Жастар менің есігімнің артында төбелесті. Мен шыққанда біреуі көз жұмған еді - қансырап өлді, ал екіншісі жатып, айқайлап жіберді - көмектес, көмектес! Мен полицияға қоңырау шалдым, олар 5 минуттан кейін келді және маған тез арада есікті жабуды бұйырды", - деді Орал қаласының тұрғыны Гүлбақша Бикенғалиева.

Төбелес кезінде үш адам жарақат алды. Солардың бірі, 23 жастағы ер адам қансырап бақилық болған. Куәгерлердің айтуынша, оның сау жері қалмаған. Ол жедел жәрдем келгенге дейін қаза болды. Екіншісі ауруханаға жеткізілді. Оған ота жасалды, бірақ жарақаты ауыр болды. Ол бірнеше күннен кейін көз жұмды.

"Біреуінде көкірек қуысының кең шаншылған жарасы болған. Оған 2 ота жасалды, бірнеше күннен кейін реанимацияда көз жұмды. Тағы біреуі көзіне химиялық күйік түскен, жедел жәрдем оны сол жерде тексеріп, көмек көрсетті",- деді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Сәуле Зағидуллина.

Күдікті қамауға алынды. Бұған дейін бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылған. Бірақ енді ол анық түрмеге отырады.

"Кісі өлтірді деген күдікпен 27 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Қазір аталған факті бойынша 99-баптың 2-бөлігі "екі немесе одан да көп адамды өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Куәгерлерден жауап алып, сот-медициналық сараптама жүргізеді", - деді БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы Мөлдір Садырғалиева.




Көрілген: 342    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.02.2021, 16:32

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30