Қылмыс

Орынбасарды жұмысқа алам деп опық жеді

  • http://www.matritca.kz/

    http://www.matritca.kz/

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мекемесі  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облыстық департаментінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастаған болатын.  Ол өз орынбасарынан осы лауазымға тағайындауға жәрдем көрсеткені үшін 2 миллион теңге көлемінде  пара алу күдігіне ілінген.

 

№2 Тараз қалалық сотының үкіміне сәйкес,  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облыстық департаментінің басшысы   Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (алаяқтық), 28 4-бөлігі (азғыру), 367 2-бөлігі (делдал арқылы пара беру) бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған   20 еселенген мөлшерде, яғни үйқамақта ұстауы ескеріліп, айыппұлдың мөлшері 38 522 104 теңге көлемінде тағайындалды.

 

Сонымен қатар ол өмір бойы мемлекеттік қызметте, сот, жергілікті мемлекеттік органдарда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, қаржы нарығы және қаржы ұйымдары, мемлекеттік ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарға орналасу құқығынан айырылды.

 

Ал Жамбыл облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысының бұрынғы орынбасарына  қатысты 24-баптың 3-бөлігі (қылмысқа оқталу) және 367-баптың 2-бөлігі бойынша (делдал арқылы пара беру) қылмыстық құқықбұзушылықтарды жасағаны үшін  3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырумен бірге өмір бойы мемлекеттік қызметте, сот, жергілікті мемлекеттік органдарда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, қаржы нарығы және қаржы ұйымдары, мемлекеттік ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарға орналасу құқығынан айырылды.

 

Осылайша басшы мен қосшысы бірге  жазаға тартылып, жемқорлыққа жол беру жақсылыққа апармайтындығына көздері жетті.

 

 

aikyn.kz




Көрілген: 744    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.06.2021, 18:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31