Қылмыс

Параға 30 қой алған шенеунікке сот үкімі шықты

  • https://holanews.kz/

    https://holanews.kz/

Түркістан облысында пара ретінде 30 қойды иемденген шенеунік өмір бойы мемлеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров Antikor орталығында өткен брифингіде айтты.

 

«Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасына қарасты сәулет және жобалар мен нысандардың сметалық есебін дайындау бөлімінің басшысы Ш.Қожамсүгіров алаяқтық жасағаны үшін мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 15 620 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды», - деді агенттік өкілі.

 

Аталған шенеунік параға 30 қой алды деген күдікпен ұсталған.

 

«Ол Шымкент қаласындағы Ташкент тасжолының бойында орналасқан жер учаскесінің мемлекеттік актісін алуға көмектескені үшін алаяқтық жолмен жалпы сомасы 1 200 000 теңге болатын 30 қой мен 11 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатты алды деген күдікке ілінген», - Данияр Бекайдаров.

 

 




Көрілген: 413    Пікірлер: 0

жұма, 26.03.2021, 20:39

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31