Қылмыс

Павлодар облысында 216 миллион теңгеге заңсыз субсидия алғандар сотталды

  • Фото ашық дереккөзден

    Фото ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаражатты жымқырған тұлғалар тобы қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 

«Павлодар қаласының тұрғыны С.Мукин мемлекеттен субсидияларды заңсыз алу мақсатында Ресей аумағында ірі қара мал сатып алып, оны «Герефорд», «Симментал» асыл тұқымды қара мал ретінде көрсеткен.

 

Атап айтқанда, субсидиялар алуға арналған өтінімдерде ол ІҚМ туралы жалған мәліметтерді көрсетіп, ал сатып алу-сату шарттарын өзі қолдан жасаған», - делінген хабарламада.

 

Сондай-ақ, Ресей Федерациясының уәкілетті органдары асыл тұқымды мал сатып алу дерегін растамайды.

 

Бұдан әрі 100 мыңнан 6 миллион теңгеге дейінгі ақшалай сыйақы үшін С.Мукин басқа кәсіпорындарға мемлекеттік субсидияларды заңсыз алуға көмек көрсеткен.

 

Тергеу анықтағандай, мұндай схема бойынша Павлодар облысындағы 10 шаруа қожалығы 216 миллион теңгеге заңсыз субсидия алған.

 

Бас ұйымдастырушы мен сыбайластар әртүрлі мерзімге сотталды.

 

 

 

 

 




Көрілген: 267    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.09.2021, 19:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30