Павлодарда әйел зорлаған жігіт 3 млн төлейтін болды

10 тамыз 2022, 16:42

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 шілдеде Павлодар қалалық №2 соты ер адамның зорлау қылмысын жасаған ісі ҚР ҚК 120-бабы, 1-бөлімі бойынша қаралды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ ол 5 жыл түрмеде отыратын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

 

- Сот жабық түрде өткендіктен істің мән-жайы айтылмады. Сотталушының кінәсі жиналған дәлелдемелермен, жәбірленушінің айғақтарымен, куәгерлермен, заттай дәлелдермен, қылмыстық істің материалдарымен дәлелденді, - деді баспасөз қызметінде.

 

Бұндай қылмыс адамдарға қарсы жасалған ауыр қылмыстарға жатады және оған берілетін жазаға 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жатады.

 

- Сотталушының жас болуына байланысты сот оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жәбірленушінің 3 млн теңге моральдық шығын өтеу туралы талабы сотпен қанағаттандырылды, - деді баспасөз қызметінде.

 

Шешім заңды күшіне енген жоқ.